Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда біржолғы парольмен куәландырылған сұрау салу жолдайды.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың нысанында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді тіркеу және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.