Мектепте тегін тамақтану кім құқылы?

    ·
    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақтану кім құқылы?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы:

    1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

    2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

    3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

    5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі.

    Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.

    Ұқсас материалдар