Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесін растайтын анықтаманы алуға болама?

    ·
    Сұрақ

    Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесін растайтын анықтаманы алуға болама?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 05-08/1461 хатына сәйкес «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы бойынша Қызылорда обысында экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтары бар.

    Аталған Заңға сәйкес осы аймақтарда тұратын және бұрын тұрған азаматтарға жеңілдіктер қарастырылғаны белгілі. Осындай жеңілдіктерді алу үшін экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесін растайтын «анықтама» талап етілетіні мәлім. Дегенмен, азаматтарға бұндай анықтамаларды беру үшін заңда негіз жоқ.

    Осы мәселе бойынша Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2022 жылдың 5 мамырында өткен отырысында облыстағы сұранысқа ие «анықтама» беру қызметін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізу немесе оны мүлдем қолданыстан алып тастау мәселесі қаралған болатын.

    Мүдделі мемлекеттік органдармен зерделей келе, Департамент төмендегідей тұжырымдамаға келді.

    Заңның 9-тармағына сәйкес экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен тұратын жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

    Осыған орай, аталған жұмыстарды орындау үшін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 желтоқсандағы № 1057 қаулысы қабылданып, зардап шеккен азаматтарды тіркеу жұмыстары тапсырмаға сәйкес 1993 жылғы 1 шілдеге дейін аяқталған.

    Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Заңның 9-тармағы тек декларативті түрде қалып отырғаны және оны алып тастау шаралары орын алатыны хабарланды.

    Сонымен бірге, Заң нормаларына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа Заңда көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін арнайы анықтама талап етілмейді. Аталған Заңда мұндай анықтама беру белгіленбеген.

    Яғни, Заңда көзделген жеңілдіктерді алу үшін экологиялық қасірет аймақтарында тұрғандығын растайтын (мысалы, еңбек қызметін жүзеге асыру) фактісі жеткілікті болып табылады.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтама беру және оны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу үшін заңды негіздер жоқ екенін хабарлайды.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 06.03.2017 жылғы №8-8-5-62/8-2894-И санды нұсқауына сай Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты тұрғылықты жер , уақытша тұратын жері бойынша тіркеу ІІМ-нің «Халықты құжаттандыру және тіркеу», «Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жүзеге асыралады және нақты уақыт режімінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттің деректер базасына (ЖТ «МДБ» (әкімшісі – Әділет министрлігі) жолданады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылысын салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу қажет?

    Жауап

    Қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс...

    ·
    Сұрақ

    Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде қандай талаптар сақталуы тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жарнама – кез келген құралдар арқылы таратылатын, нақты бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, қызметтерге қызығушылық қалыптастырып, оларды өткізуге...

    ·
    Сұрақ

    Құрылыс саласында мердігердің шарт міндеттемелерін бұзуы кезінде қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Егер құрылыс саласында мердігер ұйым шарт міндеттемелерін бұзса, онда келісімшарт талаптарына сәйкес айыппұл салу, шартты бұзу, келтірілген шығындарды өндіріп алу немесе сот арқылы жауапкершілікке тарту сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.

    ·
    Сұрақ

    Құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдаудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нысанды пайдалануға қабылдау мемлекеттік комиссияның қатысуынсыз, төрт жақты актіні рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады: құрылыс аяқталған соң тапсырыс беруші, мердігер, техникалық қадағалау және авторлық қадағалау өкілдері нысанның жобаға және...

    ·
    Сұрақ

    «e-Otinish»жүйесінен өзіңізге қажетті өңірдің әкімдігін тапқыңыз келе ме?

    Жауап

    Ол оп-оңай! Келесі қадамдарды орындасаңыз жеткілікті: Өтініш беру терезесін ашыңыз. Меморганды іздеу өрісіне "әкімінің аппараты" тіркесін енгізіп, содан соң оның алдына қажетті өңірдің атауын жазыңыз (мысалы, "Алматы әкімінің аппараты"). Іздеу түймешігін басыңыз. Одан әрі ұсынылғ...

    ·
    Сұрақ

    Сайлау учаскесінің мекен-жайын қалай білуге болады?

    Жауап

    Біріншіден, Сіз сайлау учаскелерін «ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу» ақпараттық сервисі арқылы, сондай-ақ байланыс операторларының смс-тарату арқылы келіп түскен call-center қысқа нөмірі арқылы біле аласыз. Екіншіден, сіз бұл ақпаратты учаскелік сайлау комиссиясынан тұрғылықты...

    ·
    Сұрақ

    Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім тұр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін...

    ·