Бұл ретте, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспанаға қол жеткізу үшін алдымен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының (бұдан әрі-Заң) 69 - бабы 1 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес қазіргі тұрып жатқан үйіңізді «авариялық» деп тану қажет. Сол жағдайда тұрғынжайға мұқтаж деп таныласыз.
Сондай-ақ, тұрғынжайға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының эксперттік қорытындысы (ақылы) талап етіледі. Бұл жұмыстар тұрғын үй иесінің есебінен жүргізіледі.
Aталған мекемемен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесімен үйіңіздің апаттық күйге жеткендігі дәлелденіп, эксперттік қорытынды алынған жағдайда, тұрғын үй кезектілігінің «жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар» санатына тіркеле аласыз. Алдағы уақытта осы санатқа тұрғын үйлер салынған жағдайда, кезегіңізге қарай жалға берілетін болады.
Сонымен қатар, Заңның 69 - бабының 4 - тармағы бойынша Сіздің меншік құқығыңыздағы авариялық тұрғынжай Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес коммуналдық меншікке беріледі.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 91 - бабына сәйкес, жоғары тұрған әкімшілік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым беруге құқылы екендігіңізді түсіндіреді.