Шетелде резидент емес тұлғаларға ЖСН алу тәртібі қалай жүргізіледі?

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

    Сұрақ

    Шетелде резидент емес тұлғаларға ЖСН алу тәртібі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін шетелдік азаматтарға ЖСН беру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында ЖСН-ды ҚР 100 шетелдік мекемесінде алуға болады. ЖСН шектеулі санаттағы тұлғаларға ғана беріледі:

    1. Әлеуетті инвесторлар.

    2. Өнімдерді таңбалау және қадағалау аясындағы тауар айналымына қатысушылар (соның ішінде https://markirovka.ismet.kz порталында тіркелу және цифрлық таңбалау үшін жұмыс жүргізу кезінде).

    3. Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған шетелдік азаматтар (АХАЖ ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу жазбасын рәсімдеу үшін).

    4. Кәмелетке толмаған шетелдік азаматтар (16 жасқа дейін), егер ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болса.

    5. Қазақстан Республикасының аумағында мұрагерлік құқық алатын шетелдік азаматтар.

    6. Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары.

    7. Мүгедектігі анықталған шетелдік азаматтар.

    8. 65 жасқа толған шетелдік азаматтар.

    9. Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтер) өндірушілер мен тіркеушілер, олар өнімді мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін «e-license» порталы арқылы өтінім береді.

    10. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың филиалдары мен (немесе) өкілдіктерінің басшылары болып табылатын шетелдік азаматтар.

    ЖСН алу үшін шетелдік азамат консулдық бөлімге өзі келіп мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

    1. белгіленген үлгідегі өтініш;

    2. төлқұжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

    3. тиісті санатқа байланысты қосымша құжаттар (инвестициялық келісімшарт, неке куәлігі, мұрагерлік құжаттар, IT саласындағы диплом, мүгедектік туралы анықтама және т.б.).

    Егер құжаттарда аты-жөні кириллицада немесе латын әріптерімен жазылмаған болса, нотариалды расталған аударма талап етіледі. Басқа елдерден берілген құжаттар заңдастырылуға немесе апостильдеуге жатады, Минск-1993, Кишинев-2002 халықаралық келісімдеріне сәйкес өзгеше көзделген жағдайлардан басқа.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды салалар қандай?

    Жауап

    Қазақстан шетелдік инвесторларды агроөнеркәсіптік кешен, металлургия өнеркәсібі, энергетика (мұнай, газ, жаңартылатын энергия көздері), тау-кен өнеркәсібі (көмір, уран, мыс және т. б.), машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, білім беру және...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Қазақстанға инвестиция салу мәселелері бойынша қалай кеңес алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанға инвестиция мәселелері бойынша кеңес алу үшін «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясына жүгіну қажет. Ол Инвестиция комитетінің қарамағында болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізеді. KAZAKH INVEST инвесторларға кешенді қолд...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт бойынша есепті қандай нысан бойынша және қашан тапсыру қажет?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасалғаннан кейiн ҚР заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтар...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру қашан жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 3-тармағына сәйкес инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт негізінде алынған мемлекеттік заттай грантты сала аламын ба?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-1-бабының 9-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданысы ішінде: 1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiкт...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық преференцияларды алу үшін консультация беруге және құжаттарды алдын ала тексеруге сұрау салу

    Жауап

    "KAZAKH INVEST "Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жарғылық қызметіне сәйкес, қабылдаушы елде бастапқы келіссөздер жүргізуден және инвесторға инвестициялық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты беруден бастап жобаларды іске асыруға және кейіннен сүйемелдеуге дейі...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    ҚР азаматы паспортын шетелде қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға (ҚР-дың болу еліндегі консулдық мекемесі): 1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық...

    ҚР СІМ·