Қазақстан Республикасы халықаралық санкциялық режимдер шеңберінде бейтарап мәртебесін қамтамасыз ету мақсатында АҚШ-пен консультациялар жүргізіп жатыр ма?

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы халықаралық санкциялық режимдер шеңберінде бейтарап мәртебесін қамтамасыз ету мақсатында АҚШ-пен консультациялар жүргізіп жатыр ма?

    Жауап

    АҚШ-тың санкциялық саясатының қатаңдауы аясында ҚР-дың ұлттық және экономикалық мүдделерін жан-жақты қорғау мақсатында, ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, санкциялық саясаттың теріс әсерін болдырмау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

    Қазақстан мен АҚШ санкциялық саясат мәселелері бойынша байланыс тұлғаларын (focal points) айқындады. Қазақстан тарапынан бұл – Сыртқы істер министрінің орынбасары, ал АҚШ тарапынан – Мемлекеттік департаменттің Экономикалық санкциялар саясаты және оны іске асыру жөніндегі басқармасының директоры.

    Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ-пен ерте ескерту қағидаты негізінде ынтымақтастық орнатқан жалғыз ел болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды салалар қандай?

    Жауап

    Қазақстан шетелдік инвесторларды агроөнеркәсіптік кешен, металлургия өнеркәсібі, энергетика (мұнай, газ, жаңартылатын энергия көздері), тау-кен өнеркәсібі (көмір, уран, мыс және т. б.), машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, білім беру және...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Қазақстанға инвестиция салу мәселелері бойынша қалай кеңес алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанға инвестиция мәселелері бойынша кеңес алу үшін «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясына жүгіну қажет. Ол Инвестиция комитетінің қарамағында болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізеді. KAZAKH INVEST инвесторларға кешенді қолд...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт бойынша есепті қандай нысан бойынша және қашан тапсыру қажет?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасалғаннан кейiн ҚР заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтар...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру қашан жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 3-тармағына сәйкес инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт негізінде алынған мемлекеттік заттай грантты сала аламын ба?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-1-бабының 9-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданысы ішінде: 1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiкт...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық преференцияларды алу үшін консультация беруге және құжаттарды алдын ала тексеруге сұрау салу

    Жауап

    "KAZAKH INVEST "Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) жарғылық қызметіне сәйкес, қабылдаушы елде бастапқы келіссөздер жүргізуден және инвесторға инвестициялық шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты беруден бастап жобаларды іске асыруға және кейіннен сүйемелдеуге дейі...

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    ҚР азаматы паспортын шетелде қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға (ҚР-дың болу еліндегі консулдық мекемесі): 1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық...

    ҚР СІМ·