Облыстық жолдарды қысқы күтіп ұстау қалай жүзеге асырылады?
Облыстық жолдарды қысқы күтіп ұстау қардан үнемі тазалауды, құм -тұз қоспасын себуді, реагенттермен өңдеуді және жолдардың жай- күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді қамтиды. Жұмыстарды " Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-мен келісімшарт бойынша мамандандырылған жол кәсіпорындары орындайды. Қалың қар жауған жағдайда қауіпті учаскелерде қозғалысты шектеу енгізіледі.