Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 13.09.2023 ж. № KZ ХХХХХХ II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсатты қалай жоюға болады?
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың күшін жою үшін өтініш берушінің атынан сұрау салу қажет.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 109-бабының 2-тармағына сәйкес экологиялық рұқсат берген орган объект операторының тиісті жазбаша өтінішін алған кезде немесе жаңа экологиялық рұқсат қолданысқа енгізілген күннен бастап экологиялық рұқсаттың күшін жояды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың күшін жою үшін өтініш берушінің атынан сұрау салу қажет.