Жобалық құжаттамасыз не салуға болады?

    Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

    Сұрақ

    Жобалық құжаттамасыз не салуға болады?

    Жауап

    Тапсырыс беруші (меншік иесі) Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз жүзеге асыра алады:
    1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды;

    2) жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды;

    3) алаңішілік байланыс желілерін салуды;

    4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды;

    4-1) бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды;

    5) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды;

    6) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды;

    7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру тіректерін, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;

    8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды;

    9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды;

    10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді;

    11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды;

    12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеуді;

    13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды;

    14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды;

    15) жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;

    16) тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);

    17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды);

    18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды;

    19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды;

    20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды;

    21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сізден ЖТҚ құрылысына қатысты тексеру жүргізуіңізді сұраймыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 33-бабының 6-тармағының тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке...

    Сұрақ

    Үй-жайды коммерциялық қызмет үшін пайдаланудың заңдылығына тексеру жүргізуді және тиісті шаралар қабылдауды сұраймыз

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады: жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық...

    Сұрақ

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың нақты тізбесі бар ма?

    Жауап

    "Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес ең төменгі материалдық...

    Сұрақ

    Жобалық құжаттаманы әзірлеуді кім жүзеге асырады?

    Жауап

    жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

    Сұрақ

    Нысандарды қайта құру үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    1) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу (қажет болған жағдайда);2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін жобаларды жобалау және сараптау;3) мемлекеттік...

    Сұрақ

    Нысандарды салу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа); 2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу 3) жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау) әзірлеу және құрылыс жобаларын государственный орган...