Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерді жекешелендіруге бола ма?

    «Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерді жекешелендіруге бола ма?

    Жауап

    Иә, 13-баптың 1-тармағына сәйкес, осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай жалдаушы отбасының кәмелетке толған мүшелерінің келісімімен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғынжайды осы Заңда көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.

    Жалдаушының отбасы мүшелерiнің ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.

    Арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің, оның ішінде қызметтен шығарылғандардың отбасы мүшелерінің тобы осы Заңның 101-10-бабына сәйкес айқындалады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының 12-тармағына сәйкес жекешелендіру тәртібімен тұрғын үйлерді меншікке алу үшін тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:жалға алушының отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері ЭЦҚ-мен...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алу үшін тұрғын үйге қалай кезекке тұруға болады?

    Жауап

    Иә, 67- баптың 1-тармағына сәйкес, Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан...