Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі?

    ·
    Сұрақ

    Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі?

    Жауап

    Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

    Қалалар мен аудандар мәслихаттарының шешімдерімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары негізінде азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға Атаулы және мерекелік күндерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

    Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдер әлеуметтік маңызды?

    Жауап

    Қазіргі уақытта мұндай азық-түлік өнімдерінің тізіміне 19 тауар кіреді: Бірінші сұрыпты бидай ұны; 1-сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан; Рожки (салмақпен); Қарақұмық жармасы (ядро, салмақпен); Тегістелген күріш (дөңгелек дәнді, салмақпен); Картоп; Асханалық сәбіз; Пияз; Ақ қырық...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру үшін: 1) www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталында авторизациялануға, өтінімді толтыруға және ЭЦҚ-ға қол қоюға, банк шотының нөмірін көрсетуге; 2) Тұрғылықты жері бойынша Мәнсап орталығына жүгіну ; 3) Екінші деңгейдегі банктердің моби...

    ·
    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақтануға кім құқылы?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы: 1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) жан басына шаққандағы орташа таб...

    ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз ретінде қалай есепке тұруға болады?

    Жауап

    Жұмыссыз ретінде есепке тұру үшін: Тұрғылықты жері бойынша Абай облысының Жаңасемсей ауданың Мәнсап орталығына жүгіну «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы; «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz порталы) арқылы. Жеке басын куәландыратын құжатты, білімі мен білікті...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 67-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 74-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын және...

    ·