Қаңғыбас иттерді неге аулауға болмайды?
Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30
желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 4 бап, 1 тармағына сәйкес, Жануарларға қатыгездікпен қарауға тыйым
салынады. Жануардың өлуіне, мертігуіне немесе саулығына өзге де зиян келтіруге алып келген немесе
алып келуі мүмкін жануарды ұрып-соғуға, азаптауға, оның ішінде аштықпен, шөлмен азаптауға және
жануарды бөлшектеу, өртеу, суға батыру, тұншықтыру, өлімші етіп ұру арқылы өзге де зорлық-зомбылық
әрекеттеріне тыйым салынады.