Сұйытылған мұнай газын талондар бойынша сатуға және меморандумдарға қол қою мақсатында, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы бастамасымен газ толтыру станцияларының және автогаз құю станцияларының басшылары және өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу қорытындысы нәтижесінде 21 меморандумға қол қойылды.
Зауыттардан жөнелтілген көлемдерді бақылау мақсатында, 2024 жылғы 16 қазандағы өкіммен «Ақтөбе облысының автогаз құю және газ толтыру станцияларына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы» құрылды.
Кәсіпкерлік басқармасымен облыс аумағындағы газ толтыру станцияларына және автогаз құю бекеттеріне бару арқылы 300-ге жуық мониторинг жұмыстары жүргізілді.