Басқа медициналық ұйымға қалай тіркелуге болады?

    ·
    Сұрақ

    Басқа медициналық ұйымға қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    АМСК ұйымына жүгінген кезде өзімен бірге жеке куәлігі болуы және сол жерде бас дәрігердің атына өтініш жазу қажет.

    Еgov.kz порталы арқылы тіркелген кезде авторизациядан өту, электрондық өтінімді толтыру қажет.

    Қазақстандықтар үшін қажетті денсаулық сақтау ұйымын таңдау еркін болып табылады.

    Медициналық сақтандыру қорымен тиісті шарты бар жеке немесе мемлекеттік ұйымдарға тіркелуге болады.

    Медициналық ұйымға тіркелуді өзгерту басқа елді мекенге көшу кезінде, емхана қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда, тіркеу науқаны кезеңінде (жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) емхананы еркін таңдау кезінде жылына 1 реттен жиі емес болуы мүмкін.

    Тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүргізіледі, ал оның нәтижелері келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

    Яғни, басқа емханада (осы емхана оны тіркеуге өтінімін растаған жағдайда) пациент жаңа жылдың басынан бастап медициналық көмек ала алады. Басқа емханаға тіркелген кезде бұрынғы емханадан тіркеуден алу автоматты түрде жүргізіледі.

    Тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес.

    Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол орналасқан емхана қайта ұйымдастырылған немесе жабылған болса және т. б. жасауға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қандай шаралар қабылданады?

    Жауап

    Абай облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау үшін мынадай шаралар іске асырылады: Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік және медицин...

    ·
    Сұрақ

    Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі?

    Жауап

    Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің белгіленген мөлшерінен аспайтын отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты - ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қа...

    ·
    Сұрақ

    EGOV KZ-ге бірінші сыныпқа қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Бастау үшін сізге кіру немесе порталға тіркелу қажет Egov.kz. сайттың басты бетінде "білім" қойындысын нұқыңыз, тізімдегі сол жақтан "орта білім" бөлімін таңдаңыз және "жалпы білім беретін мектептерге қабылдау үшін құжаттарды қабылдау" қойындысына өтіңіз. Әрі қарай, сіз "Қызметке...

    ·
    Сұрақ

    ҚР-да жұмыссыз қалай тіркеліп, есепке тұра алады?

    Жауап

    «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкімет» веб-по...

    ·
    Сұрақ

    Жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметке қалай кіре аламын?

    Жауап

    Бар бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу мемлекеттік қызмет туралы заңнамада («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы), сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына...

    ·