Қоғамдық орындарда ағаш отырғызуды қалай ұйымдастыруға болады?
Қоғамдық орындарға ағаш отырғызу үшін жергілікті әкімдікке немесе абаттандыру қызметіне өтінім беру қажет.
Өтінімде ағаш отырғызылатын орын, отырғызылатын ағаштардың саны мен түрлері көрсетілуі тиіс. Өтінім әкімдікпен немесе абаттандыру басқармасымен келісілгеннен кейін ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады.