Жетіген ықшамауданында Мерей көшесін асфальттау мәселесі қашан шешіледі?
Бүгінгі таңда аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған бюджеттік өтінім жасақталады. Қаржы бөлінуіне қарай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жобалау мерзімінің ұзақтығы (РПП – жобалаудың болжамды мерзімі) шамамен 6 айды құрайды. Сараптамадан өту мерзімі – 45 күн.