Жеке тұрғын үй құрылысы қалай жүзеге асырылады?
Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген) 4 тарау 69 тармағына сәйкес – жеке тұрғын үй құрылысы екі қабаттан биік жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда, ЖАО-ның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес жүзеге асырылады.