Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу қандай тәсілдермен жүзеге асырылады?
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабы 1 тармағына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:
1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.
1-1. Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.
- Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.