Діни әдебитеттерді сату үшін не істеу керек

    Абай облысының дін істері басқармасы

    Сұрақ

    Діни әдебитеттерді сату үшін не істеу керек

    Жауап

    Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға (сатуға) жол беріледі. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»
    ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен реттеледі.
    Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттармен қоса "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.
    Талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
    3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
    Осы құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.
    Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртабаны қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфтидің тікелей құзыретіне жатады

    Жауап

    «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 1-тармағы және 8 тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі және мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайтындығы көрсетілген. Осы Заңның 16 бабына сәйкес, діни б...

    Сұрақ

    Діни мақсаттағы заттарарға дінтану сараптамасын өткізу қажет пе?

    Жауап

    «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес, құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар дiни мақсаттағы з...

    Сұрақ

    Ғибадат үйлерді салуға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 44 бабы 5 бөлігіне сәйкес, ғибадат үйін (құрылысжайын) салу үшін жер учаскесін беру оның құрылысы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңна...

    Сұрақ

    "Діни әдебиетті тарату не сату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімін қалай алады?

    Жауап

    "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу туралы шешім» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 23 (жиырма үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету ү...

    Сұрақ

    Қандай жерлерде діни рәсімдерді бөгетсіз жүргізуге болады

    Жауап

    Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары...

    Сұрақ

    Қазақстанда мектептерде діни киім кию мәселесі өзекті болып тұр. Заңда оны киюге тыйым салынады, бұл діндар азаматтардың құқығын бұзу емес пе немесе қандай да бір жеңілдік бола ма?

    Жауап

    Біріншіден, қоғамдағы міндетті мектеп формасын сақтауға қатысты мемлекеттің заңнамалық нормаларына тоқталған жөн. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бұл ретте, осы бапта жазылғандай, «Ар-ождан бостандығы құқығын ж...