Шағын және орта бизнес үшін қандай мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар?

    ·
    Сұрақ

    Шағын және орта бизнес үшін қандай мемлекеттік қолдау бағдарламалары бар?

    Жауап

    ШОБ-ты қолдаудың негізгі мемлекеттік бағдарламалары:

    1. Бизнестің жол картасы - 2025 (БЖК-2025)

    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы іске асырылатын негізгі бағдарлама. Негізгі құралдар:

    Кредиттер мен микрокредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау.

    Жеткілікті кепілі жоқ кәсіпкерлер үшін кредит сомасының бір бөлігіне кепілдік беру.

    Әлеуметтік кәсіпкерлік үшін 5 млн теңгеге дейінгі гранттарды қоса алғанда, бизнесті дамытуға арналған гранттар.

    Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламалары мен консультациялар.

    Бағдарлама экономиканың басым салаларын қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

    1. ШОБ-ты қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы

    2024 жылы өндірістік және экспорттық әлеуметі жоғары кәсіпкерлер үшін іске қосылды. Мыналарды көздейді:

    Жеңілдетілген кредит беру.

    Салық жүктемесін төмендету.

    Салық нысандары мен төлемдер санын қысқарту.

    Бағдарламаның мақсаты - өндiрiстiк сектор мен экспортқа бағдарланған кәсiпорындардың дамуын ынталандыру.

    Ұқсас материалдар