2023 жылы Отбасы банкімен бірлесіп облыстың екі Павлодар және Ақсу қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған «Ертіс жастары» өңірлік жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосылды. Жаңа жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, мәдениет қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, журналистерге, ЖОО оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге және әлеуметтік сала өкілдеріне жеке тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті қарыздар алуға мүмкіндік береді. Өңірлік бағдарлама жұмыс істейтін жастарды жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етуге және бастапқы жарнасы 10% - дан бастап, 19 жылға дейінгі (5% - 8 жыл, 3,8% -11 жыл) мерзіммен жылдық 5% жеңілдікпен қарыз беруге бағытталған. Қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн. теңге. Бүгінгі таңда Ақсу қаласы бойынша 6 (2 мәдениет саласының маманы, 4 ұстаздар» жас отбасы несие рәсімдеп, қорытындыларын күтуде.