Дүкен салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес коммерциялық жер учаскелері конкурс немесе аукцион арқылы беріледі. Осындай конкурстар мен аукциондарға қатысу арқылы дүкен салу үшін жер учаскесін алуға мүмкіндігіңіз бар.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының негізінде мұндай аукциондарды жер учаскесіне құқық беруден бас тартылған жағдайда жергілікті , атқарушы және жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады. Осы баптың 6-1 тармағына сәйкес күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей сауда-саттық (аукцион) өткізілуі тиіс.