Атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмекке кімдер өтініш бере алады.

    Айыртау ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмекке кімдер өтініш бере алады.

    Жауап

    Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 Заңына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайға тап болған отбасылар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бере алады.

    Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) — жан басына шаққандағы орташа табысы шектi мәннен аспайтын адамға немесе отбасына ақшалай нысанда берiлетiн төлем.

    Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысында АӘК көрсету үшiн шектi мән ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70%-ын құрайды.

    Көмек өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленедi.

    Отбасының әлеуметтiк жағдайына байланысты әлеуметтiк қолдаудың бұл түрi 2 түрге бөлiнедi: шартсыз және шартты.

    Шартсыз ақшалай көмек объективтi себептер бойынша (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектiгi, 3 жасқа дейiнгi балаларды күту) өздерiн табыспен қамтамасыз ете алмайтын отбасыларға ғана ұсынылады.

    Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бiр еңбекке қабiлеттi отбасы мүшесi бар аз қамтылған отбасыларға әлеуметтiк келiсiмшарт жасасқан және барлық еңбекке қабiлеттi азаматтар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мiндеттi түрде қатысқан жағдайда берiледi.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер учаскесін бөлу тәртібі

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-бабы 1-тармағына сәйкес, 44-1-бапта көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жерден, сондай-ақ сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi: жер учас...

    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша қайда жүгіну керек

    Жауап

    Жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнамамен мыналар қарастырылған: қолда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру; еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзiмдi курстарда оқыту; бюджет қаражаты есебiнен еңб...

    Сұрақ

    АӘК алу үшін қандай құжаттар қажет және қайда жүгіну керек?

    Жауап

    АӘК көрсету үшiн өтiнiш берушiге тек жеке куәлiгiн көрсету қажет. Көмектi тағайындау мемлекеттiк органдардың 24 ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген «Е-Халық» жүйесiнде жүргiзiледi, жоғарыда көрсетiлген жүйелерде өтiнiш берушiлер туралы ақпарат болмаған кезде халықты жұмыспен қамту...