Егер мен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа тап болсам немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының кездейсоқ куәгері болып қалсам, қайда жүгінуім керек?

    ·
    Сұрақ

    Егер мен мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа тап болсам немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының кездейсоқ куәгері болып қалсам, қайда жүгінуім керек?

    Жауап

    Егер, Сіз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, Сіз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлай аласыз:

    1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы;

    2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің пошталық мекенжайына жазбаша түрде: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы;

    3) электрондық цифрлық қолтаңба бар болған кезде, «Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы арқылы;

    4) [email protected] электрондық мекенжайына жазбаша түрде.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Cыбайлас жемқорлық туралы vенің хабарламам қалай қаралатын болады?

    Жауап

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өтініш келіп түскен кезде ол ведомстволық ақпараттық жүйеде тіркеледі, кейін басшылық уәкілетті лауазымды тұлғаға шаралар қабылдауды тапсырады.

    ·
    Сұрақ

    Мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы анонимді хабарлама бере аламын ба?

    Жауап

    Заңнамаға сәйкес анонимді өтініштер қарауға жатпайды, бірақ тексеріледі. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жасырын хабарлама сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз бола алмайды.

    ·
    Сұрақ

    Егер өтініште ұсынылған ақпарат дұрыс емес болмаса, өтініш берушіге қандай жауапкершілік жүктеледі?

    Жауап

    ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 439-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілі...

    ·
    Сұрақ

    Сыбайлас жемқорлықпен күресуге көмектесетін тұлғалар қалай көтермеленеді?

    Жауап

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қы...

    ·