Спорттық секцияға немесе үйірмеге қалай жазылуға болады?

    Абай облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Спорттық секцияға немесе үйірмеге қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Спорттық секцияға немесе үйірмеге жазылу үшін:

    • Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтына кіріп, басты жаңалықтардан көруге болады.
    • Қызықтыратын спорттық мекемеге тікелей хабарласып, кесте мен жазылу шарттары туралы толық ақпарат алу.
    • Спорттық секцияға немесе үйірмеге қатысу үшін өтінішті мекемеге жазу немесе egov.kz сайты арқылы қажетті құжаттарды өткізу.
    • Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:


    1) оқуға түсушінің ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен еркін нысандағы өтініш;
    2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар оқуға түсушінің туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
    4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 027/у нысандағы таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
    5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мүгедектік туралы анықтама (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама);
    порталға:

    1) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
    2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысан бойынша таңдаған спорт түрі бойынша сабақтарға жіберілгені туралы учаскелік дәрігер берген медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі;
    3) мүгедектік туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

    Жауапты маман: Маратов Марлен Маратұлы, Дене шынықтыру, жоғарғы спорт жетістіктері және спорттық резерві бөлімінің басшысы

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    EGOV KZ-ге бірінші сыныпқа қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Бастау үшін сізге кіру немесе порталға тіркелу қажет Egov.kz. сайттың басты бетінде "білім" қойындысын нұқыңыз, тізімдегі сол жақтан "орта білім" бөлімін таңдаңыз және "жалпы білім беретін мектептерге қабылдау үшін құжаттарды қабылдау" қойындысына өтіңіз. Әрі қарай, сіз "Қызметке...

    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақтануға кім құқылы?

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы: 1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) жан басына шаққандағы орташа таб...

    Сұрақ

    Мектеп формасына материалдық көмекті кім ала алады?

    Жауап

    Әр мектепте әлеуметтік осал санаттағы балаларды қолдауға арналған жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры (жалпыға бірдей оқыту) қарастырылған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар "Білім туралы" ҚР Заңының 6-бабына сәйкес бюджет есебінен жалпы білім беретін мектептердің...

    Сұрақ

    Баланы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұйымнан қалай асырап алуға болады?

    Жауап

    Баланы асырап алуға (қамқоршылыққа, патронатқа) алғысы келетіндер асырап алушы ата-аналар мектебінен өтіп (телефон: 8 708 537 1700 Галиева Мадина (на русском языке), 8 775 177 6385 Элмира (қазақ тілінде)), психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификатпен тұрғылықты жері бойын...

    Сұрақ

    Жас мұғалімге білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қалай табуға болады?

    Жауап

    Білім беру саласындағы бос жұмыс орындарын іздеу үшін Сайтта тіркелу қажет https://hr-nobd.edu.kz және бар бос жұмыс орындарын қараңыз. Әрі қарай, сайтта бар алгоритмге сәйкес өтініш беру керек.

    Сұрақ

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңесті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңес алу үшін сіз: Абай облысының Мансап орталығына хабарласыңыз. Қоңырау шалу: 8 7222 34 48 41 Электрондық поштаға жазу: [email protected] Облыстың жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасындағы...

    Сұрақ

    Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қандай шаралар қабылданады?

    Жауап

    Абай облысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау үшін мынадай шаралар іске асырылады: Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік және медицин...

    Сұрақ

    Кәсіптік оқудан өтуге жолдаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    кәсіптік оқудан өтуге жолдама алу үшін: Абай облысының Мансап орталығына хабарласыңыз. Кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысуға өтініш беру. Жеке басын куәландыратын және білім деңгейін растайтын құжаттарды ұсыну. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі консультантпен әңгімелесуден өту...