Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін калай алуға болады?

    Талас ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін калай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жер заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес, сұраныс салынған жер учаскесі орналасқан жері бойынша жер учаскені беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабынын 3-тармағына сәйкес жер учаскелеріне меншік және жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделі, жеке заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органына өтініш беріледі.

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.

    Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу үшін су және электр қуатымен қамтамасыз етілген сәйкес келетін алаңшалар дайын болу мөлшерінде және кезектілік тәртібінде, жер учаскелерін беру жүзеге асырылады.

    Жер заңнамасымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезексіз және жеңілдікпен жер учаскенің берілуі қарастырылмаған.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады. Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге...

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет»www.egov.kzвеб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергі...

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, аза...