Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға;
2) заңды негіздер, жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмағандарға;
3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге;
5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге;
6) ғылыми дәрежесі барларға;
7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны