Есеп комитетін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына трансформациялау нені білдіреді?
Жоғары аудиторлық палата – Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы.
Жоғары аудиторлық палатаның міндеттеріне халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру жатады.
Есеп комитетінің Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылуы оның тәуелсіздігі мен Парламент алдындағы жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.