Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын).

    Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.

    Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқық беру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2015 жылғы 27 наурыздағы No 255. Қазақстан Республикасы Жер...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жер...

    ·
    Сұрақ

    Жалпыға ортақ тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және мұқтаждарға есепте тұрған Қазақстан Республик...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмерін қалай білуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйге кезектілік нөмірін Электрондық үкімет eGov.kz порталында тексеруге болады. Электрондық үкімет порталындағы сервис тұрғын үй кезектілігінің жылжуы туралы деректерді қарауға, сонымен қатар Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың кезектілік тізімін тексеруге...

    ·
    Сұрақ

    Түрғын үй көмегі дегеніміз не және оны кім пайдалана алады?

    Жауап

    Тұрғын үй көмегі Бейімбет Майлин ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық төлемдерді төлеу үшін көрсетіледі, яғни орталықтандырылған жылу жүйесін пайдалану және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін газды, суық және ыстық суды, кәрізді, электр қуатын,...

    ·