Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Қостанай облысы Денисов ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрықпен бекіткен жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқық беру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жер бойынша жергiлiктi атқарушы органына, өтiнiш бередi.

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес, азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.

    Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады.

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азаматтардың қандай санаттарына "Дипломмен ауылға"бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады

    Жауап

    "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары Денсаулық сақтау,...

    Сұрақ

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, о...