Қызылша ауруы туралы нені білу керек?

    ·
    Сұрақ

    Қызылша ауруы туралы нені білу керек?

    Жауап
    1. Қызылшаға тән белгілер?
    ЖАУАП: Қызылша кезінде жиі кездесетін белгілер-қызыл немесе қоңыр түсті дақтар түріндегі кең бөртпелер, бірақ бұл жалғыз белгі емес. Бөртпе пайда болғанға дейін қызылшамен ауыратын балаларда жалпы тұмаудың белгілері пайда болады: жөтел, мұрыннан су ағу, дене қызуының жоғарылауы және көздің қабынуы (конъюнктивит).
    2. Қызылшаның патогномоникалық белгілері?
    ЖАУАП: (Филатов-Коплик симптомы)
    3. Қызылша инфекциясының көзі кімболып табылады?
    ЖАУАП: Инфекция көзі-айналадағыларғаинкубациялық кезеңнің соңғы күндерінен (соңғы 2-күн) бөртпелер шыққаннан кейінгі 4-күнге дейін қауіпті кез келген түрдегі қызылшамен ауыратын науқас. Ал 5-күнгі бөртпелері бар адам ауруды жұқтырмайды деп саналады.
    4. Қызылшаның инкубациялық кезеңі?
    ЖАУАП: Орташа есеппен 1-2 аптаны құрайды.
    5. Қызылшаның қандай асқынуы жұқпалы кезеңді ұзартады?
    ЖАУАП: пневмония
    6. Қызылша ауруын жұқтыру себептері?
    ЖАУАП: Қызылша ауруын жұқтыру себебі-инфекцияны жұқтырған баланың немесе ересек адамның мұрны мен тамағында көбейетін вирус. Қызылшамен ауыратын адам жөтелген немесе түшкірген кездежұқпалы ауруды жұқтырған тамшылар қоршаған ауаға таралады, содан кейін олар басқа адамдардың ағзаларына аумен енеді.Жұқпалы ауруды жұқтырған тамшылар беттерге қонып, бірнеше сағат бойы белсенді болады. Егер инфекция жұқтырмаған адам алдымен осы заттардың беттерін ұстап, содан кейін мұрнын немесе көзін ұқаласа, олар да ауруды жұқтыруы мүмкін.
    7. Қызылшаға күдікті науқастардан қандай биоматериалдар алынады?
    ЖАУАП:қан сарысуы, толық қан, зәр, мұрын-жұтқыншақтың бөліну үлгілері.
    8. Қызылшаға күдікті науқастардан алынған материал үлгілері қандай температурада зерттеу үшін зертханада сақталады және тасымалданады?
    ЖАУАП: Мұрын-жұтқыншақ, зәр және толық қан үлгілері бөртпе пайда болған сәттен бастап алғашқы 3 (үш) күн ішінде алынады және жөнелтілгенге дейін + 4-тен + 80С-ге дейінгі температурада іріктеп алу сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағат бойы сақталады және тасымалданады;
    9. Қызылша немен қауіпті?
    ЖАУАП: Қызылша-өте жұқпалы вирустық ауру. Қызылша өлімге және кейбір күрделі асқынуларға (пневмония (өкпенің қабынуы) және кейбір жағдайларда ми инфекциясы)әкелуі мүмкін.
    10. Қызылшаның алдын алу шаралары қандай?
    Жауап: Егер Сіздің отбасы мүшелеріңізден біреуі қызылшамен ауырса, келесі сақтық шараларын қолданыңыз:
    * Оқшаулау. Қызылша өте жұқпалы болғандықтанбөртпе басталғанға дейін 4 күн бұрын және ол басталғаннан кейін 4 күн өткен со науқас адам осы уақыт аралығында барынша оқшаулануы керек. Науқас сапарға, қонаққажәне кездесуге бармау тиіс.
    * Вакцинацияланбаған адамдарды ауруды жұқтырған науқастан оқшаулау өте маңызды
    * Екпе егуді және иммуноглобулинді жүргізу. Екпе қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитетін қалыптастырады және сақтайды. Қызылшаға қарсы ұжымдық иммунитеті әлсірегеннен кейін аурудың жиілігі арта бастайды.
    11. Қызылша ауруын жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған адамдарға шұғыл вакцинация қай уақыт ішінде жүргізіледі?
    ЖАУАП: Шұғыл екпе егу науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.
    12.Қызылшаға қарсы вакцинацияланған адам қызылша ауруын жұқтыруы мүмкін бе?
    ЖАУАП: Иә, егер қызылшаға қарсы екпе жүргізілгеннен кейін адамдақызылшаға қарсы иммунитеті қалыптаспаған жағдайда олауруды жұқтыруы мүмкін.
    13.Қызылша қоздырғышына қарсы иммунитеті бар адамдар контингенті
    ЖАУАП: өмірдің алғашқы 3 айы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ағзадағы қызылшаға қарсы антиденелерді қалай анықтауға болады?

    Жауап

    Адам организмінде қызылша вирусына антиденелердің болуын қызылша вирусына IgG антиденелерінің құрамын қан талдауы арқылы анықтауға болады. Егер антиденелердің болуы белгілі бір деңгейден жоғары болса, бұл адамның қызылша вирустарынан қорғалғанын білдіреді, егер антиденелер жеткіл...

    ·
    Сұрақ

    БЦЖ вакцинасы дегеніміз не?

    Жауап

    - БЦЖ вакцинасы дегеніміз не ? - Жасанды ортада арнайы өсіріле отырып, адамдар үшін қауіпсіз, тірі,бірақ сиырдыңәлсізтуберкулез таяқшасының штаммынан дайындалғантуберкулезге қарсы вакцина. Штамдар вакцинаға туберкулездің дамуына қатысты тиісті тиімділік беру үшін жеткілікті күшті...

    ·