Өнімді мемлекеттік тіркеуге қатысты түсіндіруді қалай алуға болады?
Сұрақ
Өнімді мемлекеттік тіркеуге қатысты түсіндіруді қалай алуға болады?
Жауап
Қазақстан Республикасының аумағында өнімді мемлекеттік тіркеуге қатысты түсіндіруді алу үшін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы сұрау салумен жүгіну қажет, сондай-ақ өнімнің атауын, қолдану саласын, өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодын көрсету қажет.