Ересектердегі қызылшаның қауіптілігі қандай?
Ересектердегі қызылша жиі ауыр болады және ауыр асқынулар дамуы мүмкін: пневмония, мидың зақымдануы, көздің зақымдануы, есту қабілетінің жоғалуы және т.б. Қызылша және оның жұғуының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Вакцина қауіпсіз және денеге вируспен күресуге көмектеседі.