Ресейлік Спутник V вакцинасы жеткілікті сапа сынағынан өтті ме??

    ·
    Сұрақ

    Ресейлік Спутник V вакцинасы жеткілікті сапа сынағынан өтті ме??

    Жауап

    Бұл вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылды. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша, бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларуссия, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны қолдана бастады ды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу кезінде өндірушінің дәрілік заттың сапасын растайтын құжатының электрондық көшірмесі болуы қажет, оның қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 Қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу Ережелері бекітілді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қызылшаның белгілері қандай?

    Жауап

    Температураның 40*С көтерілуі, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюнктивит. Бетінің шырышты қабатындағы Филатов-Коплик дақтары – шекарамен қоршалған ақ дақтар. Алдымен құлақтың артында және бас терісінде пайда болған бөртпе бетке, мойынға, кеудеге таралады және біртіңдеп бүкіл денені жо...

    ·
    Сұрақ

    Туберкулезді ерте анықтаудың қандай әдістері бар?

    Жауап

    Туберкулезді ерте анықтау әдістері: флюорографиялық тексеру (15 жастан бастап); Манту және Диаскинтест реакциясын жүргізу; бактериологиялық әдіс (қақырықты зерттеу). Ауруды ерте кезеңдерде уақтылы анықтау ауруды толығымен емдеуге, денсаулықты қалпына келтіруге және онымен таныс р...

    ·
    Сұрақ

    Термометр сынып қалса, қалай әрекет ету керек?

    Жауап

    Ең алдымен, бала мен үй жануарларын серуендеуге немесе басқа бөлмеге жіберу.Терезені ашып, бөлменің есігін жабыңыз. Сынап бөлме температурасында булана бастайды, ал суық булануды баяулатады. Сонымен қатар, таза ауа қауіпті булардың концентрациясын төмендетеді. Бірақ сіз будың бас...

    ·