Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тұру керек, ол үшін Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) келесі құжаттар тізбесімен жүгіну қажет:

    Белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;

    Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

    Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

    Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай – ақ, соңғы 12 айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтерді (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қосқанда) қосымша ұсынады.

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектілік пен белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жер...

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін калай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жер заңнамасы нормаларының тала...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, аза...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-...

    ·
    Сұрақ

    Шаруаларға субсидия қарастырылған ба?

    Жауап

    15 қыркүйектен бастап Павлодар облысында мал азығына берілетін субсидия қарастырылып, өтінімдер берілуде. 1 бас қара мал азығына 15 мың теңгеден, 1 бас қой азығына 5 мың теңгеден. Өтінімді Kazagro.kz сайты арқылы беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

    Жауап

    Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «электрондық үкімет»веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталы арқылы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. Б.) қарамастан Интернет желісіне қолжетімд...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азам...

    ·