Рекреациялық аймақ не үшін арналған?

    ·
    Сұрақ

    Рекреациялық аймақ не үшін арналған?

    Жауап

    Елді мекендердегі рекреациялық аймақтар халықтың демалу орындарын ұйымдастыруға және жайластыруға арналған және оған бақтар, орман саябақтары, саябақтар мен скверлер, хайуанаттар бағы, су айдындары, жағажайлар, аквапарктер, ландшафтық сәулет объектілері, өзге де демалыс және туризм орындары, сондай-ақ бос уақытты және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстар кіреді.

    Рекреациялық аймаққа елді мекеннің шекарасы (шегі) шегінде орналасқан қорғалатын табиғи объектілер енгізілуі мүмкін.

    Рекреациялық аймақтың аумағында рекреациялық аймақтың жұмыс істеуіне тікелей байланысты емес жаңа өнеркәсіптік, коммуналдық және қойма объектілерін, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға (салуға) және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жол берілмейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы нені белгілейді?

    Жауап

    Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы: 1) функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлуді айқындай отырып, аумақты жоспарлы ұйымдастырудың негізгі бағыттары; 2) қызыл сызықтар; 3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру, көше-жол желісін және...

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақ не үшін арналған?

    Жауап

    Елді мекеннің қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймағы әкімшілік, ғылыми-зерттеу, қоғамдық мекемелер мен олардың кешендерін, қонақ үйлер мен қонақ үй кешендерін, іскерлік және қаржылық белсенділік орталықтарын, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, коммерциялық қызмет, сауда...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын аймақ не үшін арналған?

    Жауап

    Елді мекеннің тұрғын аймағы үй маңындағы аумақтары жайластырылған көппәтерлі тұрғын үйлерді (үйлерді) және үй маңындағы учаскелері бар жеке тұрғын үйлерді салуға арналған. Тұрғын аймақ жеке тұрған және (немесе) тұрғын үйлерге салынған (оларға жапсарлас салынған) медициналық қызме...

    ·