Гранттар қандай мамандықтарға беріледі?
Гранттар облыстағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай, облыстық комиссия шешімімен беріледі. Негізінен бұл педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, ветеринарлық және басқалары.
Жетісу облысының білім басқармасы
Гранттар қандай мамандықтарға беріледі?
Гранттар облыстағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай, облыстық комиссия шешімімен беріледі. Негізінен бұл педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, ветеринарлық және басқалары.
Егер бала балабақшаға бірнеше күн келмей қалса мекеменің қаржыландыруына қалай әсер етеді?
Егер бала белгілі себептермен (ауру, ата-ананың демалысы және т.б.) жылына 40 күнге дейін болмаған болса, бұл мемлекеттен тапсырыс алатын балабақшалардың қаржыландыруына әсер етпейді. Егер бала жыл бойы 40 күннен артық себепсіз келмесе, онда балабақшадағы келісімшарт бұзылуы мүмк...
Ваучерлік қаржыландыру дегеніміз не?
Ваучерлік қаржыландыру — бұл мемлекеттік қаражаттарды мектепке дейінгі білім беру мекемесіне бөлу механизмі, мұнда қаржыландыру ата-аналар таңдаған мектепке дейінгі ұйымға (МДҰ) нақты балаға бағытталады. Ваучер виртуалды болуы мүмкін (қаражаттар тікелей МДҰ-ға аударылады) немесе...
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық)бекітілген. Бұйрыққа сәйкес, педагогтың бос және (немесе) уақытша бос ла...
Оқушылардың жазғы сауықтыру демалысы қалай жүзеге асырылады?
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан ш...
Облыс әкімі грантын қалай иеленуге болады?
Міндетті түрде мамыр - шілде айларындағы ҰБТ қатысып, шектік балды жинап, тамыз айында қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсыру қажет.
Қандай шектік балды жинау қажет?
Биылғы жылдан бастап әрбір жоғарғы оқу орны өзінің шектік балдарын белгілейді. Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтарға – 75, медициналық – 70, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, ветеринария – 60, ұлттық ЖОО-на – 60, басқаларына – 50 балдан кем емес жинақтау тиіс.
Облыс әкімі грантына құжатты қалай тапсыруға болады?
Тамыз айында құжат қабылдау басталады. Талапкерлер құжаттарын І.Жансүгіров атындағы ЖУ қабылдау комиссиясына тапсырады.
Грантқа тек көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары ғана үміткер бола алады ма?
Грантқа кез келген ҰБТ қатысып, шектік балды жинап, мемлекеттік грантқа түсе алмаған талапкерлер үміткер бола алады.