Сұрақ
Көшеге атау беру немесе қайта атауға қанша уақыт кетеді?
Жауап
Бір көшеге атау беру немесе қайта атау бойынша атқарылатын жұмыстарға кемінде жарты жыл уақыт кетеді.
Көрнекі ақпаратта, жарнамада қате орын алғанда қайда хабарласауға болады?
Көрнекі ақпараттарда қате орын алған жағдайда аудан, қалада жауапты қызметкерлердің телефондарына немесе ватсап желісіне хабарласа аласыз. Байланыс нөмерлері jetisy_tilbasqarmasy инстаграм парақшасында көрсетілген.