Қоғамдық көлікте билет сатып алу кезінде балалар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    Сұрақ

    Қоғамдық көлікте билет сатып алу кезінде балалар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 13-б. сәйкес Жолаушы құқылы: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 13-б. сәйкес Жолаушы құқылы:«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Заңының 13-б. сәйкес Жолаушы құқылы:

    - әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;;

    - әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға; - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;

    - өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;

    - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға;

    - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде қалыпты тарифтің 50 пайызын төлей отырып, 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билеттер, сатып алуға.

    Сонымен қатар, «Автомобиль көлігі туралы» ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 20-б сәйкес, 2023 жылдың 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар қатынастарда (жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша айқындалады, Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешімі), сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ресми такси тасымалдаушы қалай болуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретіндеТІРКЕЛУ. www.elicense.kz порталы (ЭЦҚ қажет) және тіркеу орны бойынша тиісті ауданның, қаланың ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асы...

    Сұрақ

    Қалааралық автобус қатынасын қалай ашуға болады?

    Жауап

    «Автомобиль көлігі туралы» ҚР 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 21-бабы 2- тармағына сәйкес, Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығ...