Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Тараз қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын).

    Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.

    Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-...

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет»www.egov.kzвеб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергі...

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет»www.egov.kzвеб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергі...

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін калай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жер заңнамасы нормаларының тала...