2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беру тетігі

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беру тетігі

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген мемлекеттік гранттар беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес беріледі.

    Қағидаларға сәйкес мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

    Гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін хабарландыруларға сәйкес регламенттелген құжаттарды қабылдау мерзімінде өтінім беру және құжаттар пакетін қоса беру қажет.

    kezekte.kz платформасы арқылы құжаттарды онлайн тапсыру мүмкіндігі бар.

    Құжаттарды тапсыру үшін платформаға өту, ЭЦҚ пайдалана отырып, пайдаланушы келісіміне қол қою, қатысуға өтінімді толтыру және Қағидалардың 41-тармағына сәйкес келесі құжаттарды бекіту қажет (жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында келесі сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса береді):

    • мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба);
    • өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама);
    • бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат;
    • ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қоспағанда);
    • өтініш берушіде халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.

    Құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру облыстық баспа басылымдарында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының сайтында орналастырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кітапхана қоры қалай қалыптастырылады?

    Жауап

    Кітапхана қоры бірнеше тәсілмен құрылады:Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жаңа кітаптар сатып алу. Кітапхана оқырмандардың сұрауларын есепке ала отырып, қажетті әдебиеттердің тізімін жасайды, содан кейін қаражат бөлінсе тапсырыс береді;Кітап алмасу және сыйға тарту - кітапхан...

    Сұрақ

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары қай тілде жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл - қазақ тілі.Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі...

    Сұрақ

    Бюст орнату бастамасын кім көтере алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында бюст (ескерткіш) орнату мәселесі тарихи-мәдени мұраны қорғау және монументтік өнер объектілерін орналастыру қағидаларына сәйкес реттеледі. Бұл бастама еркін түрде көтеріле алады, алайда шешім қабылдау белгілі бір рәсімдік тәртіп арқылы жүзеге асырылады.1...

    Сұрақ

    Өтінішті кері қайтарып алу тәртібі қандай?

    Жауап

    1) e-Otinish / eGov арқылыЕгер өтініш электрондық түрде берілсе:пайдаланушы жеке кабинетке кіреді;берілген өтінішті ашады;«Өтінішті кері қайтарып алу» функциясын таңдайды;кері қайтарып алуды растайды.2) Қағаз түрінде (кеңсе арқылы)Егер өтініш жазбаша берілсе:өтінішті кері қайтары...

    Сұрақ

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін өтінішті қалай беруге болады?

    Жауап

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін азамат e‑отыныш порталы — тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) электрондық өтініш беру жүйесі арқылы өтініш бере алады.Портал e‑отынышта:Туған күн және жеке куәлік деректерімен (ИИН) жүйеге кі...

    Сұрақ

    Діни әдебиетті қайда таратуға болады?

    Жауап

    ҚР Дін қызметі және діни бірлестіктері туралы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес, діни әдебиетті, басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадатханаларда (ғимараттарда), діни (рухани) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, р...

    Сұрақ

    Миссионерлік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Миссионер тіркеуді алу үшін, қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқару органының дін қызметі саласындағы жергілікті әкімдігіне жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет: өтініш;жеке куәлікті растайтын құжаттың көшірмесі;дін бірлестігі берген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру ө...

    Сұрақ

    Діни шараларды культ құрылыстарының сыртында өткізуге болады ма?

    Жауап

    Иә, болады. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 7-1-бабына сәйкес, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, ғибадат үйлерінен (құрылыстарынан) тыс жерлерде өткізілетін діни іс-шаралар туралы хабарлама беру...