Жұмыс беруші ағымдағы жылы ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік маманды тартуға рұқсат ала ма?
Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат ағымдағы жылға бекітілген квотаға сәйкес беріледі.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15.12. №802 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларына сәйкес жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі жөнінде өтінімдер ұсынады.