Берілген өтініштің мәртебесін қалай тексеруге болады?
«eOtinish» АЖ Сіз өз өтінішіңіздің мәртебесін «Жеке кабинет» сервистен тексере аласыз.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Берілген өтініштің мәртебесін қалай тексеруге болады?
«eOtinish» АЖ Сіз өз өтінішіңіздің мәртебесін «Жеке кабинет» сервистен тексере аласыз.
Қандай жағдайларда өтінішті қарау мерзімі және қанша күнге ұзартылады?
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 76 бапқа сәйкес жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімін әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігі...
Өтініштер қандай мерзімде қаралады?
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 76 бапқа сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
Өтініштерге қойылатын жалпы талаптар?
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 63 бапқа сәйкес жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда берілген жолданымда, хаттамада: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошта...
Менің өтінішіме жауап алдым, бірақ мен онымен келіспеймің. Мен қайда шағымданамын?
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 91 бапқа сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы. Осы Кодексте көзделген жағдайларда әкімшілік...
Өтініштерді қарау мерзімі қай сәттен бастап есептеледі?
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 64 бапқа сәйкес жолданым келіп түскен күні тіркеледі. Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Архивтік анықтамаларды қалай алуға болады (туыстарының айдалу, жер аударылу, арнайы қоныс аударуда болуы туралы мәліметтер)?
Мұрағаттық анықтаманы алу үшін ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды...