АӘК алу үшiн қандай құжаттар қажет және қайда жүгiну керек?

    Тайынша ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    АӘК алу үшiн қандай құжаттар қажет және қайда жүгiну керек?

    Жауап

    АӘК көрсету үшiн өтiнiш берушiге тек жеке куәлiгiн көрсету қажет.

    Көмектi тағайындау мемлекеттiк органдардың 24 ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген «Е-Халық» жүйесiнде жүргiзiледi, жоғарыда көрсетiлген жүйелерде өтiнiш берушiлер туралы ақпарат болмаған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары деректердi нақтылау үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға сұрау салулар жiбередi.

    Адам жеке өзiнiң немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшiн тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жүгiнедi.

    Интернетке қолжетiмдiлiк және электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде өтiнiштi үйден шықпай-ақ «электрондық үкiмет» веб-порталында беруге болады (www.egov.kz).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Атаулы әлеуметтік көмекке кімдер өтініш бере алады?

    Жауап

    Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi № 246 Заңына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайға тап болған отбасылар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш бере алады. Атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi — АӘК) — жан басына шақ...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын ұй алу үшін қалай есепке тұруға болады?

    Жауап

    67-бапқа сәйкес. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары», «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елдi мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының аз...