Мен басқа бөлімшеде дауыс бере аламын ба?
Иә. Егер сіз сайлау күні басқа елді мекенде болуды жоспарласаңыз, онда Сізге алдын ала, 2022 жылғы 19 қарашада сағат 18.00-ге дейін сайлау учаскесіне хабарласып, дауыс беру құқығына сырттай куәлік алу қажет. Осы құжатпен сіз басқа елді мекенде дауыс бере аласыз. Сонымен қатар, бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беруге болмайды.