Тауар таңбасын тіркеуге қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    ·
    Сұрақ

    Тауар таңбасын тіркеуге қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    Жауап

    Тауар таңбасын тіркеуге өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген. 1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс. 2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және: 1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi; 2) мәлiмделген белгiнi; 3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс. 1. Өтінiмге: 1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi; 2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат; 3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі қалай тіркеледі?

    Жауап

    2020 жылдың 7 қаңтарында пәтер иелері кооперативтерінің 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен мен...

    ·
    Сұрақ

    2026 жылдың 1 тоқсанында жиі қойылатын сұрақтар тізімі

    Жауап

    2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі № Мемлекеттік орган Жиі қойылатын сұрақтар Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Негізгісөздер және хештегтер 1. ӘМ «Құқықтық актілер туралы» Заңға антидискриминациялық сараптама нормасын енгізу Нор...

    ·
    Сұрақ

    Кешенді әлеуметтік заң көмегі дегеніміз не?

    Жауап

    Осы баптың2-тармағындакөрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін...

    ·
    Сұрақ

    Заң кеңесші мен адвокаттың айырмашылығы неде?

    Жауап

    Заң кеңесшісі заңгер емес; оның адвокат мәртебесі жоқ, бірақ өз біліктілігі шеңберінде заңгерлік көмек көрсетеді, ал адвокат – лицензиясы бар және заңмен неғұрлым тар реттелетін заң қызметі шеңберінде әрекет ететін маман.

    ·
    Сұрақ

    Авторлық құқық қанша уақытқа жарамды?

    Жауап

    Авторлық құқық автордың өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы сақталады. Бірлескен авторлармен жасалған туындыға авторлық құқық автордың өмір бойы және соңғы аман қалған автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы сақталады.

    ·