Егер азық-түлік дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің сату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушісінің сатып алу бағасының 15% - ынан жоғары көтерсе не істеу керек?

    ·
    Сұрақ

    Егер азық-түлік дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің сату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушісінің сатып алу бағасының 15% - ынан жоғары көтерсе не істеу керек?

    Жауап

    2004 жылғы 12 сәуірдегі ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына Ішкі сауда субъектісі (иесі) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушісінің сатып алу бағасының 15% - ынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

    Сауда үстемесі 15% - дан асып кеткен жағдайда Сатып алушы тауар-жөнелту құжатын (жүкқұжатын), сөредегі тауар бағасын, сауда объектісінің атауын (ЖК/ЖШС) фотосуретке түсіріп және осы ақпаратпен Курчатов қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне жүгіне алады.

    Егер сатушы әртүрлі сылтаулармен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сатып алу бағасын беруден бас тартса, онда сатушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 15-тармағын еске салу қажет, онда сатушы тауарларды сату кезінде Сатып алушының назарына сәйкестікті растау туралы ақпаратты жеткізуі тиіс және тұтынушыға оның талабы бойынша дайындаушы немесе жеткізуші (сатушы) ресімдеген тауар–ілеспе құжаттарды ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    ТҮКШ саласында төтенше жағдай орын алған жағдайда қайда хабарласу керек?

    Жауап

    Абоненттік бөлім: 872(251)2-71-71«Курчатов Водоканал» Диспетчер: 8 72(251)2-73-70 Курчатов қаласы әкімдігінің ШЖК «Курчатов көпсалалы өндірістік кәсіпорны» МҚК Абоненттік бөлім:8 72(251)2-33-17 Курчатов қаласы әкімдігінің ШЖК «Курчатов көпсалалы өндірістік кәсіпорны» МҚК Абонентт...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қалай жүгінуге болады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру үшін: 1) www.egov.kz электрондық үкімет веб-порталында авторизациялануға, өтінімді толтыруға және ЭЦҚ-ға қол қоюға, банк шотының нөмірін көрсетуге; 2) Тұрғылықты жері бойынша Мәнсап орталығына жүгіну ; 3) Екінші деңгейдегі банктердің моби...

    ·
    Сұрақ

    Гранттық қаржыландыру.

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 2-ден 5 млн.теңгеге дейін беріледі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде беріледі. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкер...

    ·
    Сұрақ

    Шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері бар?

    Жауап

    "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. "Бизнестің жол картасы...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдер әлеуметтік маңызды?

    Жауап

    Қазіргі уақытта мұндай азық-түлік өнімдерінің тізіміне 19 тауар кіреді: Бірінші сұрыпты бидай ұны; 1-сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан; Рожки (салмақпен); Қарақұмық жармасы (ядро, салмақпен); Тегістелген күріш (дөңгелек дәнді, салмақпен); Картоп; Асханалық сәбіз; Пияз; Ақ қырық...

    ·