Жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін өтінішті қалай жіберуге болады?

    Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы

    Сұрақ

    Жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін өтінішті қалай жіберуге болады?

    Жауап

    Тексеруге сұраныс жіберуге арналған әрекеттер алгоритмін талдайық.

    Сонымен, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында жасырын өтініштер қаралуға жатпайтындығы көрсетілген.

    Заңға сәйкес жазбаша өтінішке қойылатын талаптар:

    - жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі мен аты көрсетіледі;

    - Пошталық мекенжай;

    - жоспардан тыс тексеруге негіз бола алатын нақты фактілер;

    -өтініш берушінің қолы қойылу немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуы керек.

    Ресми өтініштер жіберу нұсқалары:

    - www.egov.kz веб-сайты

    - Абай даңғылы, 90 мекенжайында орналасқан Басқармаға апарып тапсыру немесе www.Egov.kz электронды порталы арқылы жіберу.

    Басқарма құзыретіне кіретін осы және басқа мәселелер бойынша қосымша кеңес алу үшін Сіз әрдайым басқарманың ресми аккаунттары: Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы байланыса аласыз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тексеруді жүргізу мерзімінің ұзақтығы немен анықталады?

    Жауап

    Өздеріңіз білетіндей, жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі. Жоспардан тыс тексеруді дайындау және жүргізу процесінің алгоритмін қарастырайық: - Жеке немесе заңды тұлғаның ресми өтінішін алғаннан кейін біз материалдар жинауды бастаймы...

    Сұрақ

    Неге әлеуметтік желідегі жарияланымдар немесе мессенджердегі хабарламаларға негізделген жоспардан тыс тексеру жүргізу мүмкін емес?

    Жауап

    Жоспардан тыс тексерулер Кәсіпкерлік кодекспен реттеледі және прокуратурада тіркеледі. Тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлғаның ресми өтініші ҚАЖЕТ және ол қағаз немесе ЭЦҚ -дағы қолмен расталуы керек, сонымен қатар сәйкестендіру ақпараты қажет. Мұны egov.kz веб -сайтында немесе Аб...