Жұмысқа орналасу сұрағы

    ·
    Сұрақ

    Жұмысқа орналасу сұрағы

    Жауап

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда, оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.

    "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде:1) жеке басын куәландыратын; 2) еңбек қызметін растайтын (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы құжаттардың негізінде тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.

    Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабарлай отырып, өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

    Сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы жүгінуге болады, онда бағдарлама шеңберінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, олар: кәсіптік оқытуға жіберу, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберу.

    Сонымен қатар, сіз өзіңіз жұмыс іздеуге мүмкіндігіңіз бар. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылады (www.enbek.kz), оларды пайдалана отырып, сіз жұмыс берушілерден түсетін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жедел алу мүмкіндігіне ие боласыз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар үй кезегіне тұру үшін қандай рәсімдерді атқаруы қажет?

    Жауап

    Қазіргі уақытта тұрғын үйге мұқтаж азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан алуға кезекке тұру үшін келесідей рәсімдерді жүзеге асыру үшін kezekte.kz цифрлы платформасында электронды цифрлы қолтаңба арқылы тіркеуден өтіп, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тұруға осы аталған пл...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй көмегін кім алады және не үшін?

    Жауап

    Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жән...

    ·
    Сұрақ

    Тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары туралы ақпарат беру

    Жауап

    Тіркеу есебінде тұрған ауыл шаруашылығы техникасының тізімі мен ақпаратын ұсыну Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл ша...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй беру

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған жеке тұрғын үйден үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74 бабының 1...

    ·
    Сұрақ

    Мен Жезқазғандағы пәтерге кезекте тұрмын. Баланың денсаулығына байланысты Ұлытау облысы Ұлытау ауылына көштім. Мен өз кезегімді осы жерге ауыстыра аламын ба?

    Жауап

    ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сіз Жезқазған қаласындағы тұрғын үй кезегінен шығып, Қазақстан Республикасының басқа қаласындағы ХҚКО-ға құжаттарды тек тіркелген жері бойынша қайта тапсыруға тура келеді. "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес мемл...

    ·
    Сұрақ

    Мектепте тегін тамақты және басқада әлеуметтік көмекті кім ала алады?

    Жауап

    ҚР Заңына сәйкес "білім Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 ақпандағы 2012 жылғы № 255 "қаулысына өзгерістер енгізу Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қаңтардағы 2008 жылғы № 64 "қаражатты жұмсау Ережесін бекіту Туралы, бөлінетін қаржылық және материалдық көмек...

    ·