Ақтөбе облысының дін істері басқармасы қандай Мемлекеттік қызмет көрсетеді?

    Ақтөбе облысының дін істері басқармасы

    Сұрақ

    Ақтөбе облысының дін істері басқармасы қандай Мемлекеттік қызмет көрсетеді?

    Жауап

    Бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасы тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда,

    -Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу;

    -Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру;

    -Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру;

    -Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру;

    - Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазіргі таңда Ақтөбе облысы көлемінде қанша мешіт пен шіркелулер жұмыс істейді?

    Жауап

    Қазіргі таңда өңірдің діни ахуалы қалыпты. Облыс көлеміндегі тіркелген барлық діни бірлестіктер мен филиалдар ҚР-ның заңнамасына сәйкес қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда, облыста 93 діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген. Оның ішінде, 68-ҚМДБ филиалы, 9-православиелік, 2-католикт...

    Сұрақ

    Қол жетімді және сапалы діни білімді қайдан алуға болады?

    Жауап

    ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ:-Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Алматы қ -@nmu_kzМЕДРЕСЕЛЕР:1)Ақтөбе медресе колледжі - Ақтөбе облысы,Алға ауданы-@aktobe_medrese_kolledzhi2)«ҺибатуллаТарази» медресесі – Тараз қаласы[email protected])ӘбуХанифа медресе колледжі - Алматы қаласы-@...

    Сұрақ

    Тыйым салынған діни әдебиеттер туралы ақпаратты қайдн алуға болады?

    Жауап

    Елімізде тыйым салынған діни әдебиеттер тізімі Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының ресми сайтында жарияланған. https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/documents/details/93468?lang=kz

    Сұрақ

    Діни сұрақ туындаған кезде қайда жүгіне аласыз?

    Жауап

    «Ансар» талдау орталығына өзіңіз келіп немесе сенім телефоны арқылы білікті теолог, психолог мамандардан тегін консультация ала аласыз. Сонымен қатар instagram әлеуметтік желісі арқылы сауалыңызды қойып, жауап алуыңызға болады.Сенім телефоны:8(7132) 741-707Cенім телефоны: 8(776)...